Отбасы жағдайында тәрбиеленіп жатқан балалардың ата-аналарына «Әсем-ай» бөбекжай бақшасындағы Консультациялық пункт мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім берудің жалпы білім беру бағдарламасын іске асыратын ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Консультациялық пункт отбасына мектепке дейінгі жас шамасындағы балаларды тәрбиелеу мен дамытуда көмек көрсету нысандарының бірі болып табылады. балабақшаға қатыспайтын балаларды дамытуға жағдайларды қамтамасыз етуде ата-аналарға (заңды өкілдерге) жан жақты көмек көрсету ойын қызметін ұйымдастыру. Егер Сіздің балаңыз бөбекжайға келмейді, бірақ сізде баланы тәрбиелеу мен оқытуға, баланы дамытуға, баланың денсаулығын нығайтуға қажетті сұрақтар туындаған жағдайда, Сіз бөбекжай меңгерушісінен, әдіскерден, психологтан, логопедтен, медбикеден яғни бөбекжайдың Консультациялық пункітінен кеңестер мен практикалық көмек алуыңызға болады.