"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Олжабай батыр ауылының Әсем-ай"бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятия "Ясли-сад"Әсем-ай"аула Олжабай батыра при отделе образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ КОНКУРС!

«Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Олжабай батыр ауылының Әсем- ай» бөбекжайы МКҚК

            * Мектепке дейінгі ұйымның трбиешісінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды;

Негізгі функционалдық міндеттері:

      Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу мен оқытуда денсаулық сақтау технологияларын қолданады;

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады;

режимдік сәттерді (таңертеңгі қабылдау, таңертеңгі гимнастика, күн ішінде тамақ ішу, балалар іс-әрекетін (ойын, шығармашылық, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек, эксперименттік, дербес және өзге), серуендеуді, күндізгі ұйқыны, жеке жұмысты, сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді, заттық-дамытушылық ортаны құрады) басқарады;

 балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады;

 дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын, оқу-әдістемелік әдебиетті зерделеу негізінде және топ балаларының жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие-білім беру процесін жоспарлайды;

қол жеткізілген нәтижелерді талдау негізінде білім беру қызметін жобалайды;

мектепке түсу кезінде бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін білім беру ортасына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады;

 мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар әрбір балаға жеке қарауды қамтамасыз етеді;

 мектепке дейінгі ұйымда өткізілетін іс-шараларға (кеңестер, педагогикалық және әдістемелік кеңестер, конкурстар және басқалар)қатысады;

 мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады.

     

Еңбек сінірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 120000 теңгеден 190000теңгеге дейін.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

 

           "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі және (немесе) техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

 Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Олжабай батыр ауылының Әсем- ай» бөбекжайы МКҚК-сіне келесі құжаттарды ұсынады:

  1. Осы Қағидаларға 10-көсымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Олжабай батыр ауылының Әсем- ай» бөбекжайы МКҚК-нің меңгерушісінің атына тіркелген жері, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш:
  2. Жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін).
  3. Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса):
  4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері:
  5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса):
  6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйырығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтіқ құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген):
  7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама.
  8. Наркологиялық ұйымнан анықтама.
  9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі ҰБТ) немесе педагог- модератордың,педагог- сарапшының, педагог- зерттеушінің, педагог- шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда):
  10. 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

              Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін нотариально немесе жұмыс орнынан кадр  қызметі растайды.

              Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

               Конкурсқа қатысу үшін үміткер «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Олжабай батыр ауылының Әсем- ай» бөбекжайы МКҚК қарауына оның кәсіби жетістіктері, Біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогиқалық тәжірибесін жинақтау, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.

              Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Олжабай батыр ауылының Әсем- ай» бөбекжайы МКҚК-нің ресми сайтында хабарландыру жарияланғаннан кейін 10жұмыс күн ішінде «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Олжабай батыр ауылының Әсем- ай» бөбекжайы МКҚК-нің сенбі және жексенбіден басқа күн сайын сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін тапсырылуы тиіс.

Анықтама телефоны 87163334141, 87055194327;

 электрондық мекенжайы asem_ai_bb@mail.ru

Жаңартылған күні: 21.09.2024 00:17
Құрылған күні: 21.09.2024 00:17

Текст