"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Олжабай батыр ауылының Әсем-ай"бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятия "Ясли-сад"Әсем-ай"аула Олжабай батыра при отделе образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕМЕН ЖӘНЕ ОҚЫТУМЕН ҚАМТЫЛМАҒАН БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАР

09.01.2025

Мектепке дейінгі мекемеде басшының бұйрығы негізінде білім беру ұйымының базасында құрылады және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын іске асыратын оның құрылымдық бірлігі болып табылады. Мектепке дейінгі  қызметін демалыс күндері 4 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған МДҰ-дың топтарында жүзеге асыра алады, балаларды мектепке дайындау үшін қабылдау жүзеге асырылады (толық емес күн, яғни, балалар үш сағат болады, олар ұйықтамайды және тамақтанбайды). Балалар сабақта болған кезде балалардың ата-аналары (заңды өкілдері) мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту, дамыту мәселелері бойынша педагогтерден кеңес алуына болады. Сонымен қатар, МДҰ базасында мектеп жасына дейінгі  балаларды мектепте оқуға дайындау мәселелері бойынша ата-аналарға  онлайн консультация  ұйымдастыру ұсынылады. Сондай-ақ, жалпы білім беретін мектептер базасында балаларды мектепте оқуға дайындау мәселелері бойынша балалардың ата-аналарына  топтық және жеке консультациялар берілетін жеке кабинетте ұйымдастыруға болады. КП жұмысының басталуы туралы мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарын  WhatsApp чаттары  бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде әлеуметтік желілер (Instagram, Facebook, Telegram), МДҰ-ның сайты арқылы хабардар ету қажет

КП мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға диагностикалық, консультациялық және әдістемелік көмек көрсету.  Міндеттері:  - ата-аналарға  консультациялық қолдау көрсету және балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту мәселелері бойынша педагогикалық құзыреттіліктерін арттыру;  - белгілі бір себептермен білім беру ұйымына бара алмайтын балалардың әлеуметтенуіне ықпал ету;  КП жұмысының негізгі бағыттары:   - диагностикалық көмек көрсету - баланы психологиялықпедагогикалық тұрғыдан зерттеу, бала тұлғасының жеке ерекшеліктері мен бейімділігін, оның әлеуетті мүмкіндіктерін, әлеуметтік бейімделуін анықтау, баланы одан әрі дамыту мен тәрбиелеу бойынша ұсынымдар әзірлеу; - консультациялық көмек көрсету - психологиялық, әлеуметтік, педагогикалық консультация беру, ата-аналарды (заңды өкілдерді) бала дамуының физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері, тәрбиенің негізгі бағыттарының ықпалы, күйзеліс жағдайларын еңсеру туралы хабардар ету; - әдістемелік көмек көрсету - ата-аналарды (заңды өкілдерді) ағарту, отбасында туындайтын мәселелердің алдын алуға бағытталған педагогикалық әдістер мен тәсілдер туралы ата-аналарды хабардар ету, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін қалыптастыру, отбасында жағымды қарымқатынастар орнату, баланың жеке даму ерекшеліктері негізінде түзету және дамыту технологияларымен, отбасы жағдайында тәрбиелеу процесін ұйымдастырумен таныстыру. КП қызметінің негізгі нысандары: ата - аналардың (заңды өкілдердің) сұранысы бойынша онлайн және офлайн форматтарда жеке және топтық консультациялар беру болып табылады. Жеке және топтық консультацияларды жүзеге асыру үшін кабинеттерді жиһаздармен жабдықтау (үстел, орындықтар, ноутбук және т.б.) және дидактикалық материалдың жеткілікті санымен қамтамасыз ету қажет: арнайы әдебиеттер, дидактикалық және дамытушы ойындар мен ойыншықтар, балалар мен ата-аналарға арналған диагностикалық материалдар жиынтығы, педагогтар мен мамандардың дамытушы бағдарламалары, ата-аналармен жүргізілген жұмыс тәжірибесінен материалдар.  

Просмотров: 90


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст