"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Олжабай батыр ауылының Әсем-ай"бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятия "Ясли-сад"Әсем-ай"аула Олжабай батыра при отделе образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

13.03.2018

                     

                        «Қызғалдақ» ортанғы топ.

Тәрбиеші: Рақыш Б.К.

 

 « Ана

мейірімі » атты

8- наурыз аналар мерекесіне арналған тәрбие сағаты.

Жүргізуші:Қымбатты да ардақты,

аяулы аналар мен құрметті көктемдегі құлпыраған қыздар!

Гүл көктем, ару көктем, күн көктем!

Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің

барлық жерінде тойланатын 8-наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын

жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге әлемнің нұрын,өмірдің

гүлін,көктемнің шуағын тілейміз!Мына жарық дүниенің мәні де,сәні де

сіздерсіздер! Балалардың сіздерге арналған «Аяулы анашым» атты тәрбие сағатын  қабыл

алыңыздар.

Балалар залға көңілді ән-күймен ,ұлдар кіреді

бір рет айналып тоқтайды,содан кейін қыздар кіреді билеп бір рет шеңберді

айналып ұлдарға қарама-қарсы тұрады,ұлдар бір-бірден барып қыздардың қолдарынан

ұстап орындыққа отырғызады,содан кейін өздері отырады.

 

Жүргізуші:Балалар қалай ойлайсындар

бүгін қандай мереке?

Балалар ең асыл жан кім?\Ана\

Қызығыңда,бұзығында көтеретін кім? \Ана\

Үнемі жанында періштедей қорғаштап,демеу

беретін кім? \Ана\

Сонымен бүгін қандай мейрам? \Аналар\

Осындай үлкен мейрамында аналардың жүзіне

кішкене болса да қуаныш сыйлағымыз келе ме? \ Иә \

Ендеше бәріміз орынымыздан тұрып аналарға

арнап ән айтамыз.

Ән «Аяулы анашым»Хор

Просмотров: 444

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст